Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір азаматтың жауапкершілігі.
Жүргізушілерден жылдамдық режимін сақтап, жолда сақ болуды сұраймыз. Алкогольдік мас күйде көлік басқаруға қатаң тыйым салынады.
Сонымен қатар, мал иелеріне ескерту: бос жүрген малды бақылауда ұстау және оның жолға шығуына жол бермеу қажет. Малдың жолға шығуы жол-көлік оқиғаларына себеп болып, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Баршаңызды жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және жауапкершілік танытуға шақырамыз. Профилактикалық жұмыстар жалғасуда.