Аналық мейірім мен жауапты қызметті қатар алып жүру – әр әйелдің қолынан келе бермейтін үлкен жауапкершілік. Отбасының жылуын сақтап, бала тәрбиесімен қатар қоғам алдындағы маңызды міндетті атқару тек жігерлі, қайсар әрі мақсатшыл жандарға тән.
Осындай батыл да еңбекқор жандардың бірі – көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы полиция капитаны Мужукова Меруерт Жұмабекқызы. Ол ішкі істер органдарында 2018 жылдан бастап қызмет атқарады.
Қызмет барысында Меруерт Жұмабекқызы өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, кәсіби біліктілігімен ерекшеленетін қызметкер ретінде танылып келеді. Азаматтармен жұмыс барысында әрдайым әдептілік пен сабырлылық танытып, жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруда.
Сонымен қатар, қызметтік қатаң тәртіптің артында аналық мейірім мен нәзік жүрек жатыр. Ол – отбасының берекесін келтіріп отырған аяулы ана.
Осындай погон таққан нәзік жандар күн сайын кәсібилік пен әйелге тән жылылықтың үйлесім таба алатынын өз еңбектерімен дәлелдеп келеді.
#погонтаққанәйел
#халықаралықәйелдеркүні
#ана
#полицияқызметі