Кербұлақ ауданының танымал блогері @kerbulak.janalyktary Солтанбай Мұратбек өңір тұрғындарын қырағылық пен азаматтық жауапкершілік танытуға шақырады:
«Біз тек бірлесе әрекет еткенде ғана балаларымызды және еліміздің болашағын есірткі қылмысының қатерінен қорғай аламыз. Бейжай қалмаңыздар — сіздің әрбір хабарламаңыз бір қауіптің алдын алуы мүмкін».
Егер сізге есірткі құралдарының немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымы, өзге де есірткі құқықбұзушылықтары туралы деректер белгілі болса, не осы саладағы құқыққа қарсы әрекеттердің куәсі болсаңыз, бейжай қалмауға шақырамыз. Төменде көрсетілген сенім телефондары арқылы қолда бар ақпаратты хабарлаңыз.
Сіздің ұстанымыңыз бен бейжай қарамауыңыз — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың денсаулығын сақтауға және есірткісіз қоғам құруға қосқан нақты үлес.
📞 Анонимді байланыс нөмірі:
8 (700) 616-01-02
#законипорядок #заңментәртіп