Ұрпақ тәрбиесі – қоғамның тұрақты дамуы мен ел болашағының негізі. Осы бағытта жастарға өнеге болар тұлғалардың қатысуымен тәрбиелік мәні зор кездесулер ұйымдастыру дәстүрге айналған.
Осыған орай, 2026 жылғы 20 ақпанда Аманбөктер орта мектебінде жасөспірімдермен профилактикалық-тәрбиелік кездесу өтті. Шараға полиция генерал-майоры Ұрұмханов Мурат Желелұлы және Сарқан ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Сейденов Ержан Сейтжанұлы қатысты.
Кездесу барысында қонақтар жастармен ашық сұхбат жүргізіп, заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениет, отансүйгіштік пен жауапкершілік тақырыптарында өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, қызметтік және өмірлік тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, жас ұрпақты адалдыққа, тәртіпке және саналы азамат болып қалыптасуға үндеді.
Іс-шара соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар беріліп, мұндай кездесулердің жастар тәрбиесіндегі маңыздылығы атап өтілді.
#заңментәртіп #законипорядок