Талдықорғанда екі айда 3000-нан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды

Талдықорғанда екі айда 3000-нан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды

Талдықорған қаласында ағымдағы жылдың қаңтар және ақпан айларында Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін бірқатар жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтады.

Жол қозғалысы ережелері — жай ғана формальді талаптар жиынтығы емес. Олар өмірлік тәжірибе мен ережелерді елемеудің қайғылы салдарларына негізделіп қалыптасқан құқықтық нормалар жүйесі. Тіпті болмашы көрінетін заң бұзушылықтың өзі жол-көлік оқиғасына алып келуі мүмкін.

Патрульдеу барысында тәртіп сақшылары келесі құқық бұзушылықтарды тіркеді:
• көлік құралының техникалық жай-күйінің талаптарға сәйкес келмеуі — 138 дерек;
• мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз басқару — 19;
• маневр жасау қағидаларын бұзу — 93;
• тротуармен қозғалу — 6;
• тоқтау немесе тұрақ қағидаларын бұзу — 231;
• бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту — 30;
• жол белгілері мен таңбаларын сақтамау — 565.

Жалпы екі ай ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3029 дерегі тіркелді.

«Жолдағы қауіпсіздік әрбір қатысушының жеке жауапкершілігінен басталады. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау — бұл тек заң талабы ғана емес, сонымен қатар өзгелердің өміріне деген құрметтің көрінісі», — деп атап өтті полиция қызметкерлері.

#законипорядок #заңментәртіп
#правиладорожногодвижения