Жастар есірткіге қарсы: Жетісу облысының полициясы профилактикалық жұмыстар жүргізуде

Жастар есірткіге қарсы: Жетісу облысының полициясы профилактикалық жұмыстар жүргізуде

Полиция қызметкерлері жастар арасында жүйелі профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда. Кезекті кездесу Облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-олимпиадалық резерв колледжінде өтіп, онда оқушыларға есірткі заттарын қолданудың салдары мен оларды тарату үшін қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндірілді.

Профилактикалық іс-шараны Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы сана қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Әңгіме «СТОП НАРКОТИК» ұранымен өтіп, қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндірумен қатар, есірткінің адам өміріне тигізетін жойқын әсерін көрсететін нақты мысалдар талқыланды.

Кездесу барысында полицейлер оқушыларға тыйым салынған заттардың таралуына байланысты заманауи қауіптер, соның ішінде интернет пен әлеуметтік желілер арқылы таралу жолдары туралы баяндады. Жеке жауапкершілік, жағымсыз ықпалға қарсы тұру және өмірде дұрыс бағыт таңдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Жастар арасындағы профилактикалық жұмыс – біздің қызметіміздің негізгі бағыттарының бірі. Қылмысты анықтау ғана емес, оның алдын алу да маңызды. Ол үшін жасөспірімдерде есірткіге деген тұрақты теріс көзқарас қалыптастырып, оның қауіпті екенін түсіндіру қажет», – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Осындай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, өскелең ұрпақты қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және қоғамның салауатты болашағын қалыптастыруға бағытталған.

#законипорядок #заңментәртіп
#есірткігежолжоқ