Тәуелділікке қарсы өнер: Талдықорғанда «NarkoStop» жастар фестивалі өтті

Тәуелділікке қарсы өнер: Талдықорғанда «NarkoStop» жастар фестивалі өтті

«Жетісу жастары» арнайы кешенінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастар арасында есірткіге тұрақты түрде теріс көзқарас қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «NarkoStop» атты профилактикалық фестиваль мен көркемөнер көрмесін ұйымдастырды.

Іс-шараға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Қатысушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып әзірленген шығармашылық жұмыстарын ұсынып, есірткі тұтыну мәселесіне қатысты өз көзқарастарын және саналы таңдау жасаудың маңыздылығын бейнеледі.

Бағдарламаның жарқын бөлігі ретінде жастар салауатты өмір салтын ұстанатынын және зиянды әдеттерден бас тартатынын шығармашылық тұрғыда көрсеткен би флешмобы өтті. Фестиваль тәжірибе алмасуға, шығармашылық әлеуетті дамытуға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған алаңға айналды.

Іс-шара қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. «NarkoStop» фестивалі жастар үшін шығармашылық пен профилактикалық жұмысты ұштастырған маңызды оқиға болды.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы айтқандай:
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп».

Фестиваль өнер мен жастар бастамалары арқылы денсаулыққа, жауапкершілікке және өмірлік жолды саналы таңдауға бағдарланған қоғам қалыптасатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

#заңментәртіп
#полиция