Текелі қаласында Жетісу облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Мәдениет үйінде ата-аналар жиналысын өткізді. Жиын кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мәселелеріне арналды. Іс-шараға сондай-ақ жергілікті әкімдік пен білім бөлімінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері ата-аналарға балалардың түнгі уақытта көшеде жүруінің қауіптілігі, жол-көлік оқиғаларының тәуекелдері және ересектер тарапынан тұрақты бақылаудың маңыздылығы туралы еске салды. Құқықбұзушылықтың алдын алу ең алдымен отбасынан басталатыны — сенім, дұрыс тәрбие және ата-ананың жеке үлгісі арқылы жүзеге асатыны атап өтілді.
Тақырыпты көрнекі түрде түсіндіру мақсатында қатысушыларға балалар мен ересектер арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық театрландырылған қойылым ұсынылды.
«Ешбір профилактикалық рейд ата-аналық бақылауды алмастыра алмайды. Баланың қауіпсіздігі ең алдымен үйден — сенімнен, қарым-қатынастан және ересектердің жеке үлгісінен басталады», — деп атап өтті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының өкілдері.
Кездесу қорытындысында ұйымдастырушылар баланың қауіпсіздігі ең алдымен отбасында қалыптасатынын және ата-аналардың күнделікті назарын, қамқорлығы мен жауапкершілігін талап ететінін ерекше атап өтті.
#законипорядок #заңментәртіп #родители #семья