Талдықорған қаласындағы №1 орта мектепте Жетісу облысы Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының қызметкерлері «әкелер жиналысы» форматында профилактикалық іс-шара өткізді. Кездесу әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыруға және жасөспірімдердің заңға деген құрметін қалыптастыруға бағытталды.
Ашық диалог барысында полицейлер ата-аналармен жасөспірімдер қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг және әлеуметтік желілердің теріс ықпалы сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Әсіресе ата-аналардың жеке үлгісінің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Себебі ол баланың мінез-құлқын, өмірлік ұстанымдарын және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.
Полиция қызметкерлері әкелердің балалар өміріне белсенді араласуы отбасылық құндылықтарды нығайтып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық деңгейін төмендетуге ықпал ететінін атап өтті. Кездесу қатысушыларына балалармен сенімді қарым-қатынас орнатудың, олардың достық ортасына, қызығушылықтарына және эмоционалдық жағдайына назар аударудың маңыздылығы еске салынды.
Іс-шара барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, бала тәрбиесі жөніндегі тәжірибелерімен бөлісіп, жасөспірімдер арасындағы жанжалдардың алдын алу бойынша мамандардың ұсынымдарын алды.
— Әке — тек отбасының тірегі ғана емес, бала үшін басты үлгі. Әке баланың өміріне белсенді қатысып, оның жетістіктері мен алаңдаушылықтарына назар аударған кезде, заңға бағынатын мінез-құлық пен өз іс-әрекетіне жауапкершіліктің берік негізі қалыптасады, — деп атап өтті Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы.
#законипорядок #заңментәртіп