Жетісу облысында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында есірткі қылмысының алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Жетісу облысында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында есірткі қылмысының алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі өндірісі мен таралуына жол бермеу, сондай-ақ есірткі және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымын анықтап, жолын кесу бағытында жүйелі шаралар қабылдауда.

Маңызды ақпарат: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін, оның ішінде «күлдіретін газ» ретінде белгілі азот тотығын заңсыз сақтау, тасымалдау және өткізу фактілері бойынша қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

Полиция ескертеді: күшті әсер ететін заттарды заңсыз әкелу, сақтау немесе өткізу әрекеттері шекарадан бастап соңғы тұтынушыға дейін қатаң бақылауға алынып, заң аясында тоқтатылады.

Азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі — басты басымдық.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

#ЗаңМенТәртіп #Жетісу #ЕсірткігеЖолЖоқ #қауіпсізқоғам