Жедеу уәкіл - арманнан басталған мамандық

Жедеу уәкіл - арманнан басталған мамандық

Қылмыстық іздестіру ардагерлері жиі айтатын:
«Жедел уәкіл болу — әрбір баланың арманы. Бірақ кейбіреулер үшін ол арман күйінде қалады».

Сол арманы өмірлік жолына айналдырған жандардың бірі — полиция аға лейтенанты Қаптағай Рысбек Ринатұлы, Талдықорған қалалық полиция басқармасының жедел уәкілі.

Ол — Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының түлегі. Ішкі істер органдарында қызметін 2018 жылдан бастап атқарып келеді.

Рысбек үшін бұл мамандықты таңдау саналы әрі жауапты шешім болды. Оның әкесі — Камаров Ринат Қаптағаевич, ішкі істер органдарының зейнеткері, кезінде Үштөбе қаласының желілік полиция бөлімінде қызмет атқарған. Әкесінің қызметке деген адалдығы, тәртібі мен жауапкершілігі Рысбекке өмірлік бағдар мен ішкі ұстаным болды.

Бүгінде Рысбек Қаптағай полиция қызметінің ажырамас негізіне айналған қағидаларды берік ұстанады: міндет, бірлік, абырой — яғни борыш, ынтымақ және ар-намыс.

Жедел уәкілдің жұмыс күні қарапайым көрінгенімен, оның әр сәтінде үлкен жауапкершілік пен кәсіби шеберлік жатыр. Таңғы саптық жиын, жедел тапсырмаларды алу, бағдарламалар мен іздеу базаларын тексеру, агентурамен жұмыс, алаяқтықтың алдын алу, азаматтардың мүлкін сақтау бағытындағы профилактикалық шаралар — күнделікті қызметтің бір бөлігі ғана.

Одан кейін тергеу-жедел тобының құрамында оқиға орнына шығу басталады. Мұнда әрбір әрекет нақтылықты, сабырлылықты және кәсіби салқынқандылықты талап етеді.

Жедел уәкіл үшін ең маңыздысы — қылмысты «ізін суытпай» ашу. Себебі қылмыс жасалған алғашқы сағаттарда көп нәрсе шешіледі. Осыған байланысты жұмыс күні түннің бір уағына дейін созылуы мүмкін: процессуалдық тұлғаларды іздеу, ақпарат жинау, оқиғаның толық тізбегін қалпына келтіру.

#законипорядок #заңментәртіп #одинденьизжизниполиции