Көксу ауданы полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері республикалық маңызы бар Алматы – Өскемен автожолының 185–213 шақырым аралығында тексеру жұмыстарын жүргізді.

Көксу ауданы полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері республикалық маңызы бар Алматы – Өскемен автожолының 185–213 шақырым аралығында тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында жол қауіпсіздігі талаптарының бірқатар бұзушылықтары анықталды. Нәтижесінде жергілікті атқарушы органдарға және жауапты ұйымдарға оларды жою туралы нұсқамалар жолданды.

Аталған жол учаскесіне жауапты серіктестік қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жол қауіпсіздігі — баршамызға ортақ жауапкершілік!