⚜️ Іс-шара барысында бүгінгі таңда өзекті болып отырған лудомания мәселесіне ерекше назар аударылды. Құмар ойындарға тәуелділіктің адам психологиясына, әлеуметтік жағдайына және болашағына тигізетін кері әсерлері жан-жақты айтылды. Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, оның ішінде азаматтардың сеніміне кіру арқылы жасалатын қылмыстар, жалған инвестициялар мен онлайн қаржылық алаяқтық схемалар туралы нақты мысалдар келтірілді.
⚜️ Сондай-ақ дроперство ұғымы, яғни өз банк шоттарын немесе жеке деректерін үшінші тұлғаларға заңсыз мақсатта беру арқылы қылмыстық әрекеттерге еріксіз немесе саналы түрде қатысу мәселесі қозғалды. Бұл әрекеттердің заң алдындағы жауапкершілігі мен салдары білімгерлерге толықтай түсіндірілді.
⚜️ Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, алаяқтық әрекеттерге қарсы иммунитет қалыптастыруға және заң бұзушылықтардың алдын алуға зор септігін тигізеді.
#ЦУР #ТДМ #SDG