📢 ХАБАРЛАНДЫРУ Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер туралы хабарлайды.

📢 ХАБАРЛАНДЫРУ  Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 38-2-бабында көзделген, рұқсат етілген ең жоғары массасы заңнамада белгіленген нормадан асатын өзі аударғыштардың қозғалысына тыйым салу нормасы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылды.

Аталған тыйым 2022 жылы қабылданғанымен, Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі және оған ілеспе заң жобасы шеңберінде тиісті түзетулер енгізіліп, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында мақұлданып, 2026 жылғы 9 қаңтарда Мемлекет басшысы қол қойған заңмен (№ 254-VIII ҚРЗ) алып тасталды.

Қабылданған өзгерістерге сәйкес:

«Автомобиль көлігі туралы» Заңнан 38-2-бап және 1-баптың 23-2) тармақшасы алып тасталды;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өзі аударғыштардың қозғалысына қатысты шектеу қолданылмайды;

Жол берілетін салмақтық және габариттік параметрлер сақталған жағдайда, өзі аударғыштармен жүк тасымалдау жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен еркін жүзеге асырылады.

Осыған байланысты, өзі аударғыш көлік құралдарының иелері мен тасымалдаушылардан қолданыстағы салмақтық және габариттік нормаларды қатаң сақтауды сұраймыз.

#законипорядок #заңментәртіп