Жаңа жыл қарсаңында полиция ұрланған мүлікті қайтарып берді

Жаңа жыл қарсаңында полиция ұрланған мүлікті қайтарып берді

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, әрбір минуттың маңызы артқан сәтте, Панфилов аудандық полиция қызметкерлері жедел-тергеу іс-қимылдарының жоғары кәсібилігі мен үйлесімділігін тағы бір мәрте көрсетті.

Зергерлік бұйымдардың ұрланғаны туралы арыз түсе салысымен, тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Нақты үйлестіру, жағдайды мұқият зерделеу және қылмыс іздері бойынша жүйелі іздестірудің нәтижесінде қысқа мерзім ішінде іске қатысы бар тұлғалар анықталып, ұрланған мүлік заңды иесіне — жергілікті тұрғынға қайтарылды.

Атқарылған жұмыстың заңды қорытындысы ретінде полиция қызметкерлеріне алғыс сөздер айтылды. Жәбірленуші жедел уәкіл Болатов Дастанға және тергеуші Даулет Абдуллаға жеделдігі, кәсібилігі және бейжай қарамағаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы айтқандай:
«Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей»,
яғни адал еңбек, жауапкершілік пен өз ісіне деген берілгендік әрдайым лайықты нәтиже береді.

Полиция қызметі — бұл қоғам игілігі жолындағы күнделікті еңбек. Әрбір ашылған істің артында азаматтардың тыныштығы мен қалпына келтірілген әділдік тұр.

#законипорядок #заңментәртіп #полиция