
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелер мен өзге де қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу және оның жолын кесу мақсатында Жетісу облысының Полиция департаменті ағымдағы жылдың 26-28 желтоқсан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Тәртіп сақшылары елді мекендерді, әкімшілік учаскелер мен саяжай алқаптарын патрульдеуге ерекше назар аударады. Сонымен қатар, елімізде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау, есепте тұрған адамдарды бақылау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаған немесе тасымалдаған тұлғаларды тексеру және ұстау жұмыстары жүргізіледі.
Іс-шара аясында полицейлер әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты «мүлдем төзбеушілік» қағидатын басшылыққа алады.
Жетісу облысының Полиция департаменті өңір тұрғындарын қырағы болуға және құқық бұзушылыққа тап болған жағдайда «102» жедел арнасына дереу хабарлауға шақырады.
#заңментəртіп