Панфилов ауданы полиция бөлімінің анықтау тобының анықтаушысы, полиция аға лейтенанты Камила Ринатованың кәсіби және жедел әрекеттерінің нәтижесінде ұрланған алтын бұйымдар табылып, заңды иесіне толықтай қайтарылды.
Бұл оқиға полиция қызметкерінің өзінің міндетіне адал, жауапкершілігі жоғары, кәсіби шеберлігін айқын көрсететін нақты іс-әрекеті болып табылады. Азаматша Камила Ринатованың атқарған жұмысына шынайы алғысын білдіріп, оның кәсіби қызметіне жоғары баға берді, алдағы жұмысына табыс, мықты денсаулық пен сәттілік тіледі.
Осындай нақты және нәтижелі қызмет тұрғындар арасындағы құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайтып, қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосатыны сөзсіз. Камила Ринатованың табандылығы, әділдігі және адамгершілік қасиеттері әріптестеріне үлгі болып табылады.