Ақсу ауданында заңсыз аңшылық пен қаруды заңсыз сақтау деректері анықталды

Ақсу ауданында заңсыз аңшылық пен қаруды заңсыз сақтау деректері анықталды

Жетісу облысының табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар барысында Ақсу ауданы аумағында заңсыз аңшылық фактілерін анықтады.

Тексеру кезінде екі жергілікті тұрғыннан 12 және 16 калибрлі үш тегіс ұңғылы, тіркелмеген аңшы мылтығы тәркіленді. Аталған азаматтар қаруды сақтау және алып жүруге рұқсат беретін құжаттарды ұсына алмады.

Анықталған деректер бойынша материалдар заңнама талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылдау үшін аудандық полиция бөліміне жолданды.

📊 Жыл басынан бері Жетісу облысының табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау және алып жүрудің 66 дерегі анықталды.

Полиция азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға және заңсыз аңшылыққа жол бермеуге шақырады.

#законипорядок #заңментәртіп