Жетісуда тіркелмеген қару тәркіленді

Жетісуда тіркелмеген қару тәркіленді

Жетісу облысының табиғатты қорғау полициясы Сарқан ауданының полицейлерімен бірлесіп «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Сарқан ауданы, Бірлік ауылының аумағында екі тұрғын отырған автокөлікті тоқтатты.

Тексеру барысында азаматтардан тіркелмеген екі тегіс ұңғылы мылтық — 12 және 16 калибрлі қару анықталды. Қару сақтау және алып жүруге рұқсат беретін құжаттар болмаған. Аталған дерек бойынша материалдар заң аясында процессуалдық шешім қабылдау үшін Сарқан аудандық полиция бөліміне жолданды.

Ағымдағы жылдың басынан бері облыс полицейлері тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау және тасымалдаудың 62 дерегін анықтады. Сонымен қатар, браконьерлік пен табиғатты қорғау талаптарын бұзуға қатысты 1 190 экологиялық құқықбұзушылықтың алдын алды.

Жетісу полициясы қаруды заңсыз сақтау мен браконьерлікке жол берілмейтінін ескертеді және мұндай фактілердің әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін хабарлайды.
Полицейлер заң бұзушылықтардың жолын кесу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірдің табиғи ресурстарын қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.

Браконьерлік, заңсыз аңшылық немесе қаруды заңсыз сақтау деректері бойынша 102 нөміріне хабарласа аласыз.

#заңсыздыққажолжоқ