«Жетісу өңірінде жол қауіпсіздігіне бағытталған акция басталды»

«Жетісу өңірінде жол қауіпсіздігіне бағытталған акция басталды»

1-7 желтоқсан аралығында Жетісу облысында «Қауіпсіздік жүргізуші» атты жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр. Полиция жолдарда, аудандар мен елдімекендерде бақылауды күшейтіп, жол қауіпсіздігі әр адамның өзінен басталатынын еске салады.

🚗 Жүргізушілерге
— көлікті қысқы дөңгелектерге ауыстыру
— тежегіштер мен жарық жүйесін тексеру
— автокөліктің техникалық жағдайын қадағалау

🚶 Жаяу жүргіншілерге
Жолды тек белгіленген жерлерден өтіңіз — көлік бірден тоқтай алмайды.

👨👩👧 Ата-аналарға
Сіздің үлгіңіз балалардың жолдағы мінез-құлқын қалыптастырады.

«Жолдағы қауіпсіздік — мемлекет пен әрбір азаматтың ортақ еңбегі. «Жауапкершілік – бұл сыртқы әсер емес, ішкі тәрбиенің нәтижесі».

Акция 7 желтоқсанға дейін жалғасады. Жетісу облысының полициясы барлық тұрғындарды ережені сақтап, жолда бір-біріне құрметпен қарауға шақырады.

#заңментәртіп #законипорядок #пдд