
Құрметті жол жүргізушілері!
Жетісу облысының Полиция департаменті ауа райының өзгеруіне байланысты жол қозғалысы кезінде барынша сақ болуға шақырады.
Күннің суытуы, жауын-шашын мен тұман жолдардың тайғақ болуына әкеліп, көлік басқаруды қиындатады. Осыған орай жүргізушілерге келесі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ұсынылады:
• 🚫 Жылдамдықты арттырмаңыз;
• ↔️ Қашықтықты сақтаңыз;
• ⚠️ Кенет манёвр жасамаңыз;
• ❄️ Қысқы дөңгелектерге ауысуды алдын ала ойластырыңыз;
• 🚶♀️ Жаяу жүргіншілерге жол беріңіз.
Полиция қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқаруда.
Жетісу облысының Полиция департаменті барлық жүргізушілерге жолда аса мұқият болуды, көлік жүргізу мәдениетін сақтауды және өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауды ескертеді.
⚠️ Сақтық – қауіпсіздіктің кепілі!