Жетісу облысы Кербұлақ аудандық полиция бөліміне 64 жастағы жергілікті тұрғын интернет-алаяқтық құрбаны болғаны жөнінде арызданды. Оның айтуынша, ол табыс табамын деп интернет арқылы “ҚазАтомПром” компаниясының акциясын сатып алған, алайда соның салдарынан 800 000 теңгесінен айырылып қалған.
Аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Мәдина Төлеміс заң аясында жедел шаралар қабылдап, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу барысында ақша алған адамның жеке басы анықталды. Полицейлердің жедел және кәсіби іс-қимылының арқасында жәбірленушінің ақшасы толықтай қайтарылды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасуда.
Мұндай жағдайлар азаматтарға кез келген онлайн-сатып алу немесе инвестиция кезінде сақ болудың маңыздылығын еске салады. Полиция қызметкерлері күмәнді сайттар мен жарнамаларға сенбеуге, ал аз да болса күдік туындаған жағдайда ішкі істер органдарына жүгінуге шақырады.
Адамның басына қиындық түскенде, азамат көмекке мұқтаж болғанда немесе қоғамдық тәртіп бұзылып, мүлік қылмыстық жолмен жоғалғанда — көмекке полиция қызметкерлері келеді. Олардың басты мақсаты — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен әділдікті қалпына келтіру.
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
#НАШАПОЛИЦИЯ