Жетісу облысында «Жаңа жол» акциясы жалғасуда: қолдау, қауіпсіздік және жаңа мүмкіндіктер

Жетісу облысында «Жаңа жол» акциясы жалғасуда: қолдау, қауіпсіздік және жаңа мүмкіндіктер

6 қазан мен 6 қараша аралығында Жетісу облысы аумағында «Жаңа жол» акциясы өтуде. Акцияның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылықты нығайту және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға қолдау көрсету. Бұл бастаманың басты міндеті – өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға қоғамға қайта бейімделіп, толыққанды әрі лайықты өмірге оралуына жәрдемдесу.

Акция аясында Талдықорған қаласы полиция басқармасының қызметкерлері шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуде. Нақты қолдаудың бір мысалы – полиция қызметкерлерінен көмек сұраған азаматқа жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Оған жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес беріліп, халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуіне көмектесілді.

Мұндай шаралар бас бостандығынан босатылған азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етіп қана қоймай, қоғам мен полиция арасындағы сенімді де нығайтады. «Жаңа жол» акциясы әрбір адамның екінші мүмкіндікке лайық екенін және бұл жолда мемлекет пен полицияның қолдауы ерекше маңызды рөл атқаратынын айқын көрсетеді.

#ЗАКОНиПОРЯДОК
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#Адаптация