Талдықорған қаласында «SOS» жедел көмек түймелері орнатылған. Бұл — кез келген тұрғын мен қала қонағына төтенше жағдай кезінде полициямен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін заманауи жүйе.
Түймені басқан сәтте адам Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығымен бірден байланысады. Кезекші қызметкерлер оқиға орнын нақты уақыт режимінде көріп, ең жақын полиция нарядын немесе басқа жедел қызметтерді жібереді.
Мұндай құрылғылар халық көп жиналатын орындарға — көшелерге, саябақтарға, мектептер мен сауда орталықтарының маңына орнатылған. Олар әсіресе адам қоңырау шала алмайтын немесе жағдайды түсіндіре алмайтын сәттерде өте маңызды.
«SOS» жүйесі — жай ғана техника емес, ол полицияның қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың сенімін арттыру бағытындағы үлкен жұмысының бір бөлігі. Кейде бір ғана түймені басу — бір өмірді аман алып қалуы мүмкін.
#законипорядок #заңментәртіп
#біздіңполиция #нашаполиция