Талдықорған қаласындағы №1 Абай Құнанбаев атындағы орта мектепте полиция қызметкерлері танымдық қауіпсіздік сабағын өткізді. Кездесудің басты мақсаты – балалар қылмысының алдын алу және жас ұрпақтың өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру.
Полицейлер оқушыларға жақсылық пен жамандықты ажырата білудің, өз ісінің салдарын түсінудің және болашақты адалдық, сыйластық пен заңды сақтау негізінде құрудың маңыздылығын түсіндірді.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Тәртіп сақшылары күнделікті өмір мен интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды.
Мұндай сабақтар жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастырып, жеке жауапкершіліктің маңызын түсінуге көмектеседі. Себебі есейіп, табысты өмірге жетудің жолы дәл бүгінгі дұрыс таңдау мен саналы қадамнан басталады.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП #ЗАКОНИПОРЯДОК