Қауіпсіздік сабағы: Талдықорғандық полицейлер мен оқушылардың дұрыс жолды таңдау туралы әңгімесі

Қауіпсіздік сабағы: Талдықорғандық полицейлер мен оқушылардың дұрыс жолды таңдау туралы әңгімесі
Талдықорған қаласындағы №29 орта мектепте полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қауіпсіздік сабағы өтті. Кездесудің мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және жас ұрпаққа өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауды, өмірлік дұрыс таңдау жасаудың маңызын түсіндіру болды.

Полицейлер оқушыларға жақсылық пен жамандықты ажырата білу, әр әрекеттің салдарын түсіну және жауапты шешім қабылдау қажеттігін айтты. Әр адамның болашағы өз қолында екенін, ал заманауи қоғамда тұлға ретінде қалыптасу адалдықтан, айналадағы адамдарға құрметтен және заңды сақтаудан басталатынын ерекше атап өтті.

Сабақ барысында оқушылар қызығушылықпен сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті, өмірден мысалдар келтірді. Полиция қызметкерлері күнделікті өмірдегі және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік шараларына да ерекше назар аударды.

Мұндай кездесулер балаларға заңның рөлін тереңірек түсінуге және дұрыс шешім қабылдаудың маңызын ұғынуға көмектеседі. Өйткені есейіп, қоғамның толыққанды мүшесі болуға апаратын жол дәл осындай саналы қадамдардан басталады.

#ЗАКОНИПОРЯДОК #ЗАҢМЕНТӘРТІП