Жетісу облысы Алакөл ауданының полицейлері облыстық патрульдік полиция батальонымен бірлесіп республикалық маңызы бар автожолда арнайы “Қауіпсіз жол”профилактикалық іс-шара аясында профилактилық рейд өткізді. Рейдтің негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, ұзақ жолда шаршаған әрі ұйқылы жүргізушілерді анықтап, олардың әрі қарай қозғалуына жол бермеу.
👉 Тексеру барысында полицейлер жүргізушілерге міндетті түрде демалудың маңыздылығын түсіндіріп, ыстық шай ұсынып, қауіпсіздіктің басты қағидаларын еске салды.
– Шаршаған жүргізушіні уақытында тоқтату – адам өмірін сақтап қалудың ең тиімді жолдарының бірі. Жүргізушінің бір сәттік ұйқышылдығы қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін, – деді тәртіп сақшылары.
🚔 Рейд кезінде Өскемен–Талдықорған бағыты бойынша 13 көлік тоқтатылып, жүргізушілерге уақытша жолға шығуға тыйым салынды. Бұл шараға түсіністікпен қараған жүргізушілер полицейлердің бастамасын қолдап, олардың жұмысына ризашылығын білдірді.
Жетісу облысының Полиция департаменті:
✅ ұзақ сапарға шықпас бұрын толық тынығуды,
✅ жол ережесін мүлтіксіз сақтауды,
✅ өз өмірі мен жолаушылардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауды ескертеді.
Бұл іс-шара «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында жүргізілуде және азаматтардың өмірін сақтап қалуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.