Төртаяқты көмекшілер: Жетісуда кинологтардың біліктілігін арттыруға арналған сабақтар өтті

Төртаяқты көмекшілер: Жетісуда кинологтардың біліктілігін арттыруға арналған сабақтар өтті

Жетісу облысында Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері үшін тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. Әріптестеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсеткен – ҚР Ішкі істер министрлігінің Кинологиялық орталығы бастығының орынбасары, тәжірибелі маман Максим Викторович Чебан.

Оқу-жаттығулар шынайы жағдайларға барынша жақындатылған жағдайда өткізілді. Бағдарламаға түрлі сценарийлер мен алаңдататын факторлар енгізіліп, қызметтік иттердің күрделі жағдайдағы дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берілді.

«Әр адам артында із қалдырады — иіс, таңба, микробөлшектер. Адам мүмкіндігі шектелген жерде көмекке төртаяқты серіктер келеді. Олардың ерекше иіс сезуі полицияға алғаш қарағанда шешілмейтіндей көрінетін қылмыстарды ашуға көмектеседі», — деп атап өтті мамандар.

Мұндай тәжірибелік сабақтар кинологтардың біліктілігін арттырумен қатар, өңірлер арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді. Сарапшылардың айтуынша, жүйелі оқыту қызметтің әрі қарай дамуы мен жетілдірілуі үшін қажет.

#законипорядок
#заңментәртіп