Ешкіөлмес ауылының тұрғыны қылмыстық істің жедел әрі нәтижелі ашылғаны үшін Ескелді ауданының полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.
2025 жылғы 9 қыркүйекте жәбірленушінің өтініші бойынша алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анықталғандай, ағымдағы жылдың 3 тамызында белгісіз адам Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкері болып танысып, TikTok қосымшасы арқылы алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен жәбірленушінің 470 000 теңге қаражатын иемденген.
Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде полицейлер күдіктіні — Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Ол тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді.
Аталған істі Ескелді ауданы ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция лейтенанты Бекет Дамир Тәттімбетұлы мен ОКП аға жедел уәкілі Сенбай Өмірбек Қайратұлы жүргізуде.
Азаматтардың кәсібилік пен жанқиярлық еңбегі үшін білдірген алғысы – құқық қорғау органдарына деген қоғам сенімінің маңызды көрсеткіші. Полицейлердің айтуынша, осындай ризашылық сөздері олардың күнделікті қызметінде үлкен демеу әрі жігер беретін мотивация болып табылады.
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ – тәртіп сақшысы: заң арқылы – әділет пен қауіпсіздікке.