«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында полиция қызметкерлері «Жас сақшы» сыныптарына барды

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында полиция қызметкерлері «Жас сақшы» сыныптарына барды

Жетісу облысында «Заң және тәртіп» идеологемасын қоғамда кеңінен насихаттау бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы бағытта облыстық полиция департаментінің қызметкерлері арнайы «Жас сақшы» сыныптарының оқушыларымен кездесті.

Болашақ құқық қорғаушыларға құқықтық сауаттылық, жауынгерлік және арнайы дайындық, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау тақырыптарында сабақтар өткізілді. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың жауапкершілігін, тәртіптілігін қалыптастыруға және қоғамға қызмет етуге даярлығын арттыруға бағытталған.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері «Жас сақшы» сыныптарының кадеттеріне белсенді азаматтық ұстанымдары мен замандастарына үлгі бола білгендері үшін алғыс білдірді. Полицейлердің айтуынша, жастардың мұндай жобаларға қатысуы – заңға құрметпен қарауды, қауіпсіздік мәдениетін және отансүйгіштікті қалыптастырудың маңызды тетігі.

Жетісу облысының полиция департаменті алдағы уақытта да жастармен өзара іс-қимылды нығайтып, өскелең ұрпақты қауіпсіз қоғам қалыптастыруға белсенді түрде тартуды жоспарлап отыр.