Отбасылық есірткі бизнесі: полиция ерлі-зайыпты мен ұлын ірі көлемдегі есірткімен ұстады

Отбасылық есірткі бизнесі: полиция ерлі-зайыпты мен ұлын ірі көлемдегі есірткімен ұстады

Жетісу облысында «Қарасора-2025» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері есірткі тасымалдау және өткізумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Оперативтік жолмен Алматы қаласынан жеткізу тізбегі анықталды. Алматы – Өскемен автожолында полицейлер 65 жастағы ер адам мен оның Toyota көлігін тізгіндеген 29 жастағы ұлын ұстады. Автокөліктің салонынан 19 килограмм марихуана тәркіленді.

Тергеу барысында күдіктінің ұлы есірткіні Жамбыл облысының 29 жастағы тұрғынынан алғанын айтты.

Кейінгі шаралар барысында күдіктінің 66 жастағы жұбайы да анықталды. Ол ұялы телефон арқылы күйеуі мен ұлының іс-әрекетін үйлестіріп, Алматы мен Жетісуға есірткі жеткізіп отырған. Оның тұрғылықты жерінен тағы 1 килограмм марихуана табылды.

Облыстық прокуратурамен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде Алматылық облыс аумағында жеткізуді ұйымдастырған күдікті ұсталды. Жамбыл облысындағы оның қожалығынан 10 килограмнан астам кептірілген марихуана тәркіленді.

Барлық қатысушылар қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Полиция ескертеді: есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау және өткізу үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы және мүлкін тәркілеу көзделген.