15-30 қыркүйек аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ескелді ауданының полиция қызметкерлері күн сайын жолда жүретін жүргізушілермен кездесулер өткізіп, тексеріс жүргізді.
Назардың басым бөлігі қоғамдық көлік жүргізушілері мен жедел жәрдем көлігін басқарушыларға аударылды. Полицейлер автокөліктердің техникалық жағдайын қарап, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.
Мұндай профилактикалық шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жолаушылар мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Полицейлердің айтуынша, жолдағы заң мен тәртіп ең алдымен жүргізушілердің жауапкершілігі мен тәртібінен басталады. Сол себепті акцияның ұраны былай дейді:
#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП жүргізушілердің тәртібінен басталады.