Орталық базарда профилактикалық іс-шаралар: Талдықорғанда полиция мен ветеринарлық қызмет ет өнімін тексерді

Орталық базарда профилактикалық іс-шаралар: Талдықорғанда полиция мен ветеринарлық қызмет ет өнімін тексерді

Талдықорған қаласының орталық базарында полиция қызметкерлері ветеринарлық қызмет мамандарымен бірлесіп ет сатушылар арасында профилактикалық іс-шаралар жүргізді.

Тексерудің басты мақсаты – өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ұрланған малдан алынған еттің сатылуына жол бермеу. Мамандар ет өнімдерінің белгіленген санитарлық және ветеринарлық нормаларға сәйкестігін қарады.

Іс-шара барысында полиция малды тасымалдау ережелерін бұзудың 25 дерегін анықтады. Ереже бұзушыларға кемшіліктерді жою бойынша нұсқамалар мен ұсыныстар берілді.

Құқық қорғау органдары тұрғындарға ескертеді:
📌 ет өнімдерін тек сенімді сатушылардан сатып алыңыздар;
📌 ветеринарлық анықтамалар мен сертификаттардың болуына назар аударыңыздар;
📌 өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндірмеңіздер.

Өздеріңізді қорғаңыздар, сапалы өнімді таңдаңыздар!