Жетісу облысында ерлі-зайыптылар заңсыз электронды құрылғыларды сатумен әшкереленді

Жетісу облысында ерлі-зайыптылар заңсыз электронды құрылғыларды сатумен әшкереленді

Жетісу облысының полицейлері жедел-іздестіру шаралары барысында электронды темекі жүйелерінің заңсыз сатылымын тоқтатты.

Талдықорған қаласында бақылаулы сатып алу жүргізілді. Оның барысында «1» лақап атымен танылған азаматша WhatsApp мессенджері арқылы 27 жастағы жергілікті тұрғын «2»-ден электронды темекі құрылғысын сатып алған. Тауарды жеткізуді курьер «К» жүзеге асырды.

Операцияның әрі қарай дамуы кезінде «2»-нің жұбайы – 28 жастағы жергілікті тұрғын «3» ұсталды. Оның Toyota маркалы автокөлігінен полиция қызметкерлері 275 дана «вейп» деп аталатын электронды тұтыну жүйелерін тауып, тәркіледі.

Сонымен қатар, полицейлер 20 жастағы азамат «3»-ті де ұстады. Ол такси жүргізушісі ретінде бүркемеленіп, осындай тауарларды клиенттерге жеткізіп отырған.

Құқық қорғау органдары атап өткендей, темекіні тұтынудың электронды жүйелері денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіріп, әсіресе жастар арасында тәуелділік қалыптастырады. Вейптерді «заман індеті» деп атап, келер ұрпақ үшін қауіпті салдар туғызатынын ескертеді.

Жетісу облысының полициясы ескертеді:
шылымсыз темекі өнімдерін, электронды тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

Жаза ретінде 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл, 200 сағатқа дейінгі түзеу немесе қоғамдық жұмыстар, не болмаса 50 тәулікке дейінгі қамау көзделген.

Құрметті өңір тұрғындары мен қонақтары! Егер осындай тауарлардың заңсыз сатылымы туралы ақпаратыңыз болса, дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймыз.
#законипорядок #заңментәртіп #біздіңполиция #нашаполиция