Жетісу облысы, Ақсу ауданы аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында арнайы рейдтік іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға Ақсу ауданы ПБ бастығының уақытша міндетін атқарушы полиция подполковнигі Дидар Серикович Базарбаев, жолдағы тәртіп пен сақтықтың маңыздылығына тоқталып, жүргізушілерді ережелерді қатаң сақтауға шақырды.
Полицейлер осы орайда аудан көлемінде рейдтік шара өткізіп, көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Жолдағы әрбір қадам – үлкен жауапкершілік. Өз өміріңізді ғана емес, жолаушы мен өзгелердің де қауіпсіздігін ойлау – басты міндет», – деді полиция подполковнигі Дидар Серикович Базарбаев өз сөзінде.
Құрметті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер! Сақтық шараларын назардан тыс қалдырмай, қауіпсіздік белдігін тағып, белгіленген жылдамдықты асырмаңыздар. Сіздің өміріңіз – ең қымбат қазына екенін естен шығармайық.