Талдықорғанда бейнебақылау жүйесі қала көшелерінде тәртіпті сақтауда полицияға белсенді көмек көрсетіп келеді. Тек өткен тәуліктің өзінде «электронды тәртіп сақшылары» 16 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.
Анықталғандардың ішінде — қоғамдық орындарда шылым шегудің екі жағдайы, рұқсат етілмеген орындарда сауда жасаудың үш фактісі, қоғамдық орындарда бейәдеп сөз қолданудың екі дерегі, сондай-ақ абаттандыру ережелерін сақтамаудың тоғыз жағдайы бар.
Полиция қызметкерлері ескертеді: әрбір қала тұрғыны өзінің іс-әрекетіне жеке жауап береді. Қарапайым тәртіп ережелерін сақтау — әркімнің қала қауіпсіздігі мен жайлылығына қосқан үлесі.
#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП — бұл жай ғана сөз емес, әр адамның өмірлік ұстанымы болуы тиіс қағида.