Көксу ауданында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр.
📍 Рейд барысында:
• Жүргізушілердің жол ережесін сақтау деңгейі тексерілуде;
• Қауіпсіздік белдігін тағу, рөлде ұялы телефон қолдану, рұқсат етілмеген жерден өту сияқты заңбұзушылықтар ерекше назарда;
• Жаяу жүргіншілер мен жасөспірімдерге де түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
⚠️ Жол — ортақ кеңістік. Әр жүргізуші мен жаяу жүргінші жауапкершілікті сезінсе, қауіп те азаяды.
📢 Рейдтік жұмыстар жоспарлы түрде жалғасады.