Жолдағы заң мен тәртіп: Жетісу полициясы жазалауды емес, түсіндіруді мақсат етеді

Жолдағы заң мен тәртіп: Жетісу полициясы жазалауды емес, түсіндіруді мақсат етеді

Жетісу облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері өңір тұрғындарына үндеу жасады. Полиция өкілдері өз қызметінің басты мақсаты – жазалау емес, түсіндіру екенін атап өтті.

«Заңды сақтау – бұл талап қана емес, ол – заң бұзушылықсыз болашаққа апарар жол. Заң бар жерде – тәртіп бар», – делінген үндеуде.

Полицияның айтуынша, көлік тізгіндеген әрбір жүргізуші жол ережесін бұзса, автоматты түрде қауіп тобына енеді. Бұл тек өзінің ғана емес, айналасындағылардың да өміріне қатер төндіреді. Сондықтан көлік жүргізуге жауапкершілікпен қарап, жол қозғалысы ережелерін сақтау – әр азаматтың міндеті.

Егер барлық жүргізуші жол ережесін қатаң ұстанса, жолда тәртіп орнап, жол-көлік оқиғаларының саны айтарлықтай азаяды.

Бүгінде мемлекет жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтті. Қазіргі таңда дрондар, «Екіп патруль» жасырын бақылау жүйесі және басқа да цифрлық технологиялар белсенді қолданылуда. Бұл құралдар жолдағы тәртіпті сақтау ісінде полицияның алдын алу шараларын күшейтіп, құқық бұзушылықты дер кезінде тіркеуге мүмкіндік береді.

Полицейлер өз қызметінің жазалаушы емес, ескерту сипатында екенін баса айтады.

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП және #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ хэштегтері қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру, заң арқылы тәртіпке жету идеясын кеңінен насихаттауға бағытталған.

Жетісу полициясы барлық жүргізушілерді мұқият, тәртіпті болуға шақырып, мына бір маңызды ережені есте сақтауға кеңес береді: заң – бұл шектеу емес, баршаға арналған қауіпсіздік кепілі.