Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында Жетісу облысының Полиция департаменті 16 жасқа толған азаматтарды құжаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
Жыл басынан бері облыс аумағында Қазақстан Республикасы азаматының 50 067 жеке куәлігі ресімделді. Оның ішінде 7429 құжат – алғаш рет жеке басты куәландыратын құжат алған жасөспірімдерге берілді.
Құжаттандыру рәсімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіліп, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге және жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған. Әсіресе, 16 жасқа толған жасөспірімдерге дер кезінде жеке куәлік беру мәселесіне ерекше назар аударылады, өйткені дәл осы жастан бастап олардың елдегі құқықтық және азаматтық үдерістерге ресми қатысуы басталады.
Осылайша, Конституцияның мерейтойлық жылы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл бастама жас ұрпақ арасында құқықтық сана мен азаматтық жауапкершіліктің маңызын айшықтайды.
📍 Жетісу өңірі кәмелетке толмаған азаматтарды құжаттандыру бойынша челендж эстафетасын Ұлытау өңіріне жолдай отырып, бұл маңызды бастаманы Конституцияға құрметпен және азаматтық белсенділік рухында жалғастыруға шақырады.