Жетісу облысында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және заң талаптарының орындалуын бақылау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Оперативті басқару орталығының және бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктері арқасында жыл басынан бері 11 мыңнан астам құқықбұзушылық дерегі тіркелді.
Азаматтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін ұсақ құқықбұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 283 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай оқиғалардың бірі – қоғамдық орында ер адамның қоқыс тастап, еш қымсынбастан дәрет сындыруы. Мұндай әрекеттер қоғамдағы моральдық нормаларға қайшы келіп қана қоймай, қоршаған ортаға және өзгелерге деген құрметсіздікті білдіреді.
Полиция қызметкерлері қоршаған ортаға және қоғамдық орындарға құрметпен қарау – әр азаматтың міндеті екенін еске салады. Тазалық пен тәртіп тек қоғам мүшелерінің саналы әрекеті арқылы ғана қамтамасыз етіледі.
– Құқықбұзушылықпен күрес – баршамызға ортақ міндет. Заң бар жерде – тәртіп болады, – дейді полиция өкілдері.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП — жай ғана хэштег емес, бұл – әрқайсымызды қауіпсіз әрі таза болашақтың бір бөлшегі болуға үндейтін үндеу.
#законипорядок #заңжәнетәртіп