📌 Тыйым салынатындар қатарына жатады:
— балаклава
— маскалар
— никаб
және адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін басқа да элементтер.
❗ МАҢЫЗДЫ:
Бұл талап бет-жүзді жаппайтын діни киімдерге қатысы жоқ (мысалы, хиджаб, шейла, химар, әл-амира және т.б.).
Сондай-ақ келесі жағдайларда ерекше рұқсат етіледі:
✅ медициналық көрсеткіштер бойынша
✅ қолайсыз ауа райы жағдайында
✅ қызметтік міндеттерді орындау барысында
✅ спорттық, мәдени және бұқаралық іс-шаралар кезінде
⚖️ Бұл шара құқықтарды шектеуге емес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған және жазалауға емес, алдын алуға негізделген.
Осы өзгерістерге түсіністікпен және жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз. Заңдылық пен қауіпсіздік – барша азаматтардың мүддесі.