В Талдыкоргане провели социальный эксперимент: как реагируют горожане на наркопреступления?

В Талдыкоргане провели социальный эксперимент: как реагируют горожане на наркопреступления?

Талдықорған қаласындағы «Самал» шағынауданында ерекше форматтағы әлеуметтік антинаркотикалық эксперимент өтті. Бұл бастаманы Жетісу облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қоғамдық даму басқармасы бірлесе ұйымдастырды. Іс-шараға нашақорлықтың алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері, сондай-ақ «Қос қанат Жетісу» үкіметтік емес ұйымы мен «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Эксперименттің басты мақсаты – қоғамдағы азаматтық жауапкершілік деңгейін анықтау. «Бейнемазмұн түсіру – қоғамдық орында құқықбұзушылықтарға азаматтардың әрекеті не әрекетсіздігі» атты шартты атаумен өткен жоба ҚР Қылмыстық кодексінің 299-бабы 1-1-бөлігінде (есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) қарастырылған құқықбұзушылықты бейнелейтін көрініске тұрғындардың реакциясын бағалауға бағытталды.

Эксперимент барысында актерлер тыйым салынған заттарды беру сәтін бейнелейтін көрініс қойды. Бұл жағдайды жобаның бақылаушылары назарға алып, тұрғындардың іс-қимылын мұқият қадағалады. Нәтижесінде, көптеген азаматтар бейжай қалмай, мән беріп, ескерту жасап, өз алаңдаушылығын білдірген. Бұл – қоғамда есірткіге қарсы тұрақты ұстаным қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

Шара соңында ұйымдастырушылар белсенді өмірлік ұстаным танытқан тұрғындарға құқықбұзушылықтарға немқұрайлы қарамағаны үшін алғыс білдірді. Мұндай іс-шаралар қоғамның құқықтық мәдениетін көтеріп қана қоймай, есірткі қылмыстарына төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осыған ұқсас жобалар алдағы уақытта облыстың басқа да аудандарында жалғасатын болады. Бұл – құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
#законипорядок #заңжәнетәртіп #нашақорлыққажолжоқ #социальныйэксперимент