«Қарлығаш» лагеріндегі нашақорлыққа қарсы акция: «Нашақорлыққа қарсымыз»

«Қарлығаш» лагеріндегі нашақорлыққа қарсы акция: «Нашақорлыққа қарсымыз»

Жетісу облысының Көксу ауданында «Қарлығаш» жазғы лагерінде «Нашақорлыққа қарсымыз» ұранымен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шара өтті. Шараны облыстық есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен нашақорлықтың алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараға «Қос қанат» қоғамдық қорының психологы және облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері қатысты. Мамандар балалармен салауатты өмір салты туралы әңгіме жүргізіп, зиянды әдеттердің алдын алу жолдарын түсіндірді.

Шараның ерекшелігі — интерактив форматта ұйымдастырылуы болды. Балалар арасында сурет салу байқауы, зияткерлік ойындар, дойбы мен шахматтан турнир және баскетбол жарысы өтті. Полиция қызметкері қатысушыларға есірткі қолданудың құқықтық салдары туралы айтып, құқық қорғау органдарына сенім білдірудің маңызын түсіндірді.

Кездесу соңында кеңес мүшелері балаларға зиянды әдеттерден аулақ болу жөнінде кеңес беріп, спорт пен белсенді өмір салтының маңызын атап өтті.

Іс-шараға жалпы 100 бала қатысты. Байқау жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табыс етілді.

Бұл акция жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып, полиция, медицина және қоғамдық ұйымдардың тиімді өзара іс-қимылының жарқын үлгісіне айналды.