Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін, соның ішінде жылдамдық режимін қатаң сақтау қажет екенін ескертеді.
Жылдамдықты арттыру — жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі. Мұндай оқиғалар, өкінішке қарай, адам өліміне және ауыр зардаптарға алып келеді.
🚫 Өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың өміріне қауіп төндірмеңіз.
✅ Белгіленген жылдамдықты қатаң сақтаңыз, әсіресе елді мекендерде, мектептер, балабақшалар мен жаяу жүргіншілер өткелдері маңында.
Полиция жолда тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық және бақылау іс-шараларын жалғастырады. Ереже бұзған жүргізушілерге заң аясында шаралар қолданылады.
Жолда мұқият әрі тәртіпті болыңыздар!