Түнгі қаладағы балалар: Ақсу ауданында тунгі рейд жұмыстары жүргізілуде.

Түнгі қаладағы балалар: Ақсу ауданында тунгі рейд жұмыстары жүргізілуде.

🔹️2025 жылғы 27-29 шілде аралығында Ақсу ауданы аумағында «Тунгі қаладағы балалар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды.
🔹️Шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың тунгі мезгілде заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу, олардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, қадағалаусыздықтың және өзге де теріс әрекеттердің алдын алу.
🔹️Рейд барысында ювеналды полиция қызметкерлері, білім бөлімі өкілдері және басқа да мудделі органдармен бірлесе отырып, камелетке толмаандардың жүріп-тұруына бақылау жасады. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша ата-аналарға ескерту берілді.
🔹️Бұл — жазалау емес, ата-аналарға берілген ескерту. Басты мақсат – жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен амандығын сақтау.
🔹️Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты турде жалғасатын болады. Жастардың түнгі уақытта бейсауат жүруі – тек олардың өзіне емес, қоғамға да қауіп төндіреді.