Полиция мал иелерін қайғылы жағдайға себепкер болмауға шақырады

Полиция мал иелерін қайғылы жағдайға себепкер болмауға шақырады

Жетісу облысының полицейлері мал иелеріне жол бойында төрт түліктің бақылаусыз жүруіне жол бермеуді қатаң түрде ескертеді. Автожолдарға шығып кеткен бос жүрген мал — жол-көлік оқиғаларына себеп болатын тікелей қауіп. Мұндай немқұрайдылық адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін. Құрметті мал иелері! Малыңызды қараусыз жібермеңіз. Жол бойындағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Төрт түліктің автожолға шығуына жол бермеңіз. Жол апатына себепкер болмайық!