26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай жарияланған айлық шеңберінде, Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Білім басқармасы мен Жетісу облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесіп, Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында «Театр – тәрбиенің бастауы» атты кең ауқымды облыстық театрландырылған қойылымдар байқауын ұйымдастырды.
Облыстың түкпір-түкпірінен келген жас өнерпаздар бес маңызды тақырып бойынша өз қойылымдарын сахнаға алып шықты. Олар: «Есірткіге жол жоқ», «Жасөспірімдер арасындағы буллинг», «Ұстазын құрметтеген ұрпақтың үні», «Ата-ана, оқушы және мұғалім» және «Менің арманым». Әр театр ұжымы сахналық өнер арқылы өз ойлары мен сезімдерін жеткізуге тырысып, қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғады.
Байқау қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
• Үздік жас актриса – Ақниет Серікқызы Керімбай (Нұрым ауылы, Кербұлақ ауданы)
• Үздік жас актер – Ақжол Берланұлы (Текелі қаласы)
• Үздік сахналық киім – Пенжим ауылының мектебі (Панфилов ауданы)
• Үздік жас режиссер – Ілияс Есенберлин атындағы мектеп (Қаратал ауданы)
• Үздік безендіру – Сайын Мұратбеков атындағы №9 мектеп (Талдықорған қаласы)
Сонымен қатар, қазылар алқасы ұсынылған әр тақырып бойынша үздік қойылымдарды анықтап, Гран-при иелерін жариялады:
• «Есірткіге жол жоқ» тақырыбы бойынша – Жалаяри атындағы мектеп (Көксу ауданы)
• «Жасөспірімдер арасындағы буллинг» тақырыбы бойынша – Бақтыбай ауылының мектебі (Ескелді ауданы)
• «Ұстазын құрметтеген ұрпақтың үні» тақырыбы бойынша – Мағжан Жұмабаев атындағы №19 гимназия (Талдықорған қаласы)
• «Ата-ана, оқушы және мұғалім» тақырыбы бойынша – №49 мектеп (Кербұлақ ауданы)
• «Менің арманым» тақырыбы бойынша – №6 мектеп (Текелі қаласы)