«Есірткісіз өмір – жас ұрпақтың көзімен»: Жетісуда сурет көрмесі өтті

«Есірткісіз өмір – жас ұрпақтың көзімен»: Жетісуда сурет көрмесі өтті

Жетісу облысында 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні мен Қазақстан полициясы күніне орай «Есірткісіз өмір – жас ұрпақтың көзімен» атты жарқын және шабыттандыратын сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмені Жетісу облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ және Есірткі құқықбұзушылықтарының профилактикасы жөніндегі кеңес мүшесінің қатысуымен бірлесіп өткізді.

Жас өнерпаздар көрмеде өз туындылары арқылы есірткіге тәуелділіктен азат, салауатты және болашағы жарқын өмірді қалай елестететіндерін көрсетті. Балалардың суреттері – үміт пен жауапкершілікке шақыратын, тәуелділіксіз қоғамға ұмтылыс білдіретін мызғымас ұран.

Көрме қатысушылары мен көрермендер шығармаларды жоғары бағалап, ең үздік туындыларды ерекше атап көрсетті. Іс-шара соңында полиция қызметкерлері жас суретшілерді естелік сыйлықтармен марапаттап, олардың белсенді азаматтық ұстанымын және қоғамдық санаға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Бұл көрме өнер мен шығармашылық арқылы жас ұрпаққа салауатты өмір салтының маңыздылығын ұғындырудағы тиімді құрал екенін дәлелдеді. Жетісудің жас таланттары күрделі тақырыпты жүрекжарды тілімен жеткізіп, өз идеяларын түсті бояулар арқылы сенімді түрде жеткізді.