Медицина қызметкерлері күніне орай Жетісу облысы Полиция департаментінің басшылығы Ұлттық ұлан және полиция қызметкерлерін медициналық тексеруден өткізуге жауапты Әскери-дәрігерлік комиссия қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Медицина мамандары ішкі істер органдары қызметкерлерінің денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқарады: олар уақытылы тексерулер өткізеді, сараптамалар жасайды және жоғары деңгейдегі медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Салтанатты шарада басшылық дәрігерлерге олардың адал еңбегі, кәсібилігі және жауапкершілігі үшін алғысын білдірді. Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында полиция қызметкерлері дер кезінде медициналық көмек алып, қажетті қолдауға ие болады. Мереке қарсаңында медицина мамандарына зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби табыстар және болашақта да жемісті еңбек тілей отырып, алғы сөздер айтылды.