Жетісу облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті.
Салтанатты жиынды Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мадияр Тұрсынұлы Омаров құттықтау сөзбен ашты. Ол өз сөзінде Мемлекеттік рәміздердің әрбір азаматтың жүрегінде ерекше орын алуы тиіс екенін атап өтті. Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, Әнұраны орындалды.
Салтанатты жиын аясында ішкі істер органдарында мінсіз қызмет атқарып жүрген бірқатар полиция қызметкерлері марапаттарға ие болды. Олар Ішкі істер министрлігінің медальдарымен, алғыс хаттарымен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бағытындағы еңбектері ерекше атап өтілді.
Сондай-ақ, халықаралық және республикалық спорт жарыстарына қатысып, жүлделі орындармен оралған спортшы-қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілер арасындағы Жетісу облысының үшінші спартакиадасы аясында жоғары нәтижелерге қол жеткізген департамент өкілдері де марапатталды.
Мұндай шаралар полиция қызметкерлерінің рухын көтеріп қана қоймай, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеуге де ықпал етеді. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет — елге, халыққа деген құрметтің көрінісі.